Сауд Арабиясына ұшақ сатуға қарсы шықпайды

Германия Сыртқы істер министрі мәлімдеді.

2085662
Сауд Арабиясына ұшақ сатуға қарсы шықпайды

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Баербок неміс үкіметінің Сауд Арабиясына «Eurofighter» әскери ұшағының сатылуына қарсы шықпайтынын айтты.

«DPA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Сыртқы істер министрі Израильде президент Герцог пен Сыртқы істер министрі Катцпен кездескеннен кейін мәлімдеме жасады.  Ол Сауд Арабиясының Йемендегі хоуситтердің Израильге атылған зымырандарын тоқтатып,  Израильдің қауіпсіздігі мен «аймаққа қақтығыс таратпауына» үлес қосқанын айтты.  Ол «Сондықтан неміс үкіметі Ұлыбританияның Сауд Арабиясына әскери ұшақ беру пікіріне қарсы шықпайды» деді.

Германия бұдан бұрын Сауд Арабиясына қару сатуға қарсы шығып келген болатын.

«Eurofighter» әскери ұшағы жобасы Ұлыбритания, Италия, Германия және Испанияның бірлескен жобасы болғандықтан әскери ұшақты сату тақырыбында Германияның да мақұлдауы керек.



Ұқсас жаңалықтар