Пәкістандағы бомбалы шабуылда 5 полиция қаза тапты
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва қаласындағы шабуылда 24 полиция қызметкері жараланды.
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва қаласында полиомиелитке қарсы екпе жасап жатқан медицина қызметкерлеріне жасалған бомбалы шабуылда 5 полиция қаза тауып, 24 полиция қызметкері жараланды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша Хайбер-Пахтунхва қаласының Бажаур аймағында полиомиелитке қарсы екпе салатын медицина қызметкерлерін қорғап жатқан полиция көлігіне бомбалы шабуыл жасалды.
Шабуыл кезінде 5 полиция қызметкері қаза тауып, 24 полиция жарақат алды. Шабуылды әзірге ешкім мойындамады.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.