Махмут Аббас Каирге барды

Ол Сисимен кездеседі.

2085440
Махмут Аббас Каирге барды

Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас Израильдің Палестина жеріне шабуылдары мен келісім үшін Мысырдың бас қаласы Каирге кетті.

Бұл туралы хабар жариялаған Палестина ақпарат агенттігі Аббастың Мысыр президенті Сисидің қонағы ретінде Каирге барғанын білдірді.

Аббас пен Сиси кездесуінде «Израильдің Палестиналықтарға жасаған қырғынының дереу және түбегейлі түрде тоқтатылуы үшін жасалатын жұмыстардың» қолға алынуы жоспарланды. Кездесуде сондай-ақ Газа секторындағы гуманитарлық трагедиямен күресу жолдары, Палестина халқының қоршауға алынуының алдын алу және Израиль күштері мен еврей қоныстанушылардың Батыс Шерия мен Иерусалимдегі шабуылдарының тоқтатылуы үшін Мысыр мен араб елдерінің ынталары қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар