Израильдік тұтқындардың туыс-тамырлары Катарға барды

Катар премьер-министрі Сани еліне келген 6 израильдік тұтқынның жақындарын қабылдады.

2085231
Израильдік тұтқындардың туыс-тамырлары Катарға барды
israilli esirlerin aileleri gosteri.jpg
katar basbakani al sani.jpg

Катар премьер-министрі Шейх Мұхаммед ибн-Абдуррахман Ал-Санидің Хамас ұстаған кейбір Израиль әскерлерінің туыс-тамырларымен кездескені хабарланды.

Израиль баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда израильдік  6 тұтқынның туыс-тамырлары Хамас пен Тель-Авив әкімшілігі арасында жаңа бір тұтқын алмасу келіссөзін жандандыру үшін Катарға барды.

Катар премьер-министрі Сани еліне келген 6 израильдік тұтқынның жақындарын қабылдады.

Қабылдауда Сани 2 қаңтар күні Ливанның бас қаласы Бейрутте Хамас басшыларының бірі Салих әл-Аруридің өлтірілуінің артынан тұтқын алмасу келіссөздерінің қиындағанын атап көрсетті.

Екінші жағынан 92 күннен бері Израиль қырғыны жалғасқан Газа секторындағы израильдік тұтқындардың жақындары Тель-Авив және Иерусалимде шерулер өткізіп, үкіметтен Хамаспен тез арада тұтқын алмасу келісімін жүзеге асыруын талап етуде.

Тұтқындардың жақындары Израиль үкіметінің тұтқындардың қауіпсіздігіне жауапты екенін, дегенмен үкіметтің «тұтқындарға мән бермегенін» атап айыптауда.

Өткен жылы Катар мен Мысырдың дәнекерлігімен Газа секторында 2023 жылы 24 қараша күні "уақытша атысты тоқтату" жарияланған еді. Алдымен 4 күнге, кейінірек тағы 3 күнге ұзартылған атысты тоқтату кезінде 81 израильдік пен 240 палестиналық тұтқын өзара алмасылған болатын.

Хамастың бақылауында тағы 130-дан астам израильдік тұтқын бар екені болжалуда.



Ұқсас жаңалықтар