Бетперде тағу міндеттелді

Коронавирус, маусымдық тұмау және басқа да тыныс алу жолдары аурулары жылдам артты.

2084847
Бетперде тағу міндеттелді

Америка Құрама Штаттарының кемінде төртштатында жаңа типтегі коронавирус, маусымдық тұмау және басқа да тыныс алу жолдары аурулары жылдам артты. Сондықтан ауруханаларда бетперде тағу міндеттелді.

Нью-Йорк, Калифорния, Иллинойс және Массачусетс штаттарында міндетті болатын ереже медициналық орталықтардағы барша қызметкер мен науқастарды қамтиды.

Елдегі Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының деректеріне қарағанда, 17-23 желтоқсан арасында ауруханаларға ковидпен 29 мыңнан астам жатқан.

Тұмау салдарынан ауруханаға жатқызылған науқас саны болса 14 мың 700 деп тіркелген.



Ұқсас жаңалықтар