Мың дана «Patriot» сатып алады

Бұл Украинаның өз жерін орыс шабуылына қарсы қорғауына көмектеседі.

2084109
Мың дана «Patriot»  сатып алады

НАТО қорғаныс әлеуетін нығайту мақсатында мың дана «Patriot» зымыранын сатып алуды жоспарлағанын хабарлады.

Германия баспасөзінің хабарына қарағанда 5,5 миллиард долларлық зымырандарды мүше елдер бірігіп сатып алады.

Хабарға қарағанда, сатып алынатын зымырандар НАТО мүшелерінің Украинаға зымыран берулеріне мүмкіндік қамдайды, бұл да Украинаның өз жерін орыс шабуылына қарсы қорғауына көмектеседі.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Осы инвестиция қорғаныс ынтымақтастығының күші мен НАТО халықтарының қауіпсіздікке деген адалдығын көрсетеді» деді.

Зымырандардың өндірісіне Еуропадағы «MBDA» зымыран өндірушісі мен АҚШ-тың «Raytheon» атты компаниясы арасындағы бірлескен басқарма жауапты болады. Зымырандар Германияда өндіріледі.



Ұқсас жаңалықтар