Ирандағы шабуылдарда қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Ирандағы шабуылдарда қаза тапқандарды еске алу мақсатында бір күндік аза тұту жарияланды.

2084086
Ирандағы шабуылдарда қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси елінде жасалған қос лаңкестік шабуылдың жауапкерлерінің тез арада жазаланатынын атап көрсетті.

Ибрахим Реиси Кирмандағы 95 адамның өліміне себеп болған бомбалы шабуылдарға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Рейси мәлімдемесінде лаңкестік әрекетті айыптап, қаза тапқандардың отбасылары мен Иран халқына көңіл айтты. Реиси «Бұл қорқақ шабуылды жасаған жүрегі қарайған күдіктілер мен оларды жетелегендердің қауіпсіздік органдары тарапынан анықталып, жазаланатыны сөзсіз. Дұшпандар мұндай әрекеттердің ешқашан Иран халқының исламдық көзқарасын қорғауда табандылығын бұза алмайтынын білуі керек. Иран соғыс майданында террор мен зорлық-зомбылықтың тамырын құрту тақырыбында бұрынғыдан да тұрақты» деді.

Елдің Иранның діни басшысы Али Хаманей болса шабуылдарға қатаң жауап қайтарылатынын атап көрсетті.

Хаменейдің ресми аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде «Қолын жазықсыз адамдардың қанымен бояған және оларды осы қателікке итермелеп, уын сепкен арандатушы саналар қысым мен әділетті жазалау үшін абсолютті нысанамызға айналады. Бұл апаттың артынан қатал жауап қайтарылатынын олар да жақсы ұғу керек» деді.

Иран Ішкі істер министрі Ахмед Вахиди болса елінің қауіпсіздік күштерінің 103 адамның өмірін қиған лаңкестік шабуылдардың жауаптыларын ең қысқа уақытта «қатаң түрде жауапқа тартылатынын» атап көрсетті.

Кеше Иранның Кирман қаласында Төңкеріс сарбаздары армиясына қарасты «Құдс» әскери күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Касым Сүлейманидің қабірі орналасқан зират маңындағы жолда жасалған қос шабуылда бастапқыда 103 деп жарияланған адам шығыны, 95 деп түзетіліп, қайтыс болғандарды еске алу мақсатында бір күндік аза тұту жарияланды.

2020 жылдың 3 қаңтар күні Ирактың бас қаласы Бағдатта АҚШ шабуылында қаза тапқан Сүлейманидің өлтірілуінің 4 жылдығына орай елде еске алу шаралары мен бағдарламалары ұйымдастырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар