Жапонияда рейстер игерілмейді

Жолаушылар үшін қосымша пойыз қатынайтын болады.

2083676
Жапонияда рейстер игерілмейді

Жапония астанасы Токиодағы Ханеда әуежайының ұшып-қону жолағында 5 адам қаза тапқан апаттан кейін 100-ден астам рейс игерілмейтін болды.

Жапондық «NHK» телеарнасының хабарына қарағанда, кеше әуежайда жолаушылар ұшағы мен жағалау күзет ұшағы соқтығысқаннан кейін «Japan Airlines» 50 ішкі рейсін, «All Nippon Airways» 54 ішкі және 1 халықаралық рейсін тоқтатты.

Шамамен 20 мың жолаушыға әсер еткен осы үзілістерге байланысты қосымша пойыз қатынайтыны хабарланды.

Осы арада «NHK» жаңалықтарында әуе қозғалысын басқару қызметкерінің Ханеда әуежайындағы ұшақтардың соқтығысуына қатысты мәлімдемесі жағалау күзеті шенеуніктерінің мәлімдемесіне «қайшы келеді» делінген.

Әуе қозғалысын басқару қызметкерінің жолаушы ұшағын ұшу-қону жолағынан ұшып шығуын мақұлдағанын, бірақ жағалау күзетінің ұшағына сол ұшу-қону жолағынан тыс жерде «қалуды» бұйырғанын білдірген.

Жағалау күзетіндегі дереккөз болса жағалау күзеті ұшағының ұшқышы ұшуға рұқсат алғанын мәлімдеді.

Осы апатқа қатысты тергеу басталды.

 Полиция қызметкерлері жолаушылар ұшағымен соқтығысқан жағалау күзетінің ұшағындағы 6 экипаж мүшесінің 1-інің қашып құтылғанын, 5-інің қаза тапқанын хабарлаған еді.

Аталмыш  жағалау күзет ұшағы елде 1 және 2 қаңтарда болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жеткізу үшін міндеттендірілген екен.



Ұқсас жаңалықтар