Нигериядағы террор шабуылында 12 адам қаза тапты

Борно полициясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Нахум Дасо Кеннет мәлімдеме жасады.

2083507
Нигериядағы террор шабуылында 12 адам қаза тапты

Нигерияның солтүстік шығысындағы Борно уәлаятында «Боко Харам» террор ұйымы жасаған шабуылдарда 12 адам қаза тапты.

Борно полициясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Нахум Дасо Кеннет Чибок аймағында орналасқан Гатамарва мен Циха елді мекендерінде Боко Харам мүшелерінің айналаға оқ жаудырғанын мәлімдеді.

Кеннет шабуылдардан кейін 12 адамның қаза тауып, ұйым мүшелерінің 1 адамды алып қашқанын білдірді.

Террористердің шабуылдар кезінде адамдардың азық-түлік өнімдерін ұрлағанын атап көрсеткен Кеннет көптеген үйді өртегендерін айтты.

Кеннет аймаққа қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін және оқиғаға байланысты тергеу ашылғанын мәлімдеді.

Нигерияда 2000 жылдары басынан бері болмысын жалғастырған «Боко Харам» террор ұйымының 2009 жылдан бері жасап жатқан жаппай зорлық-зомбылық салдарынан қазірге дейін 20 мыңнан астам адам қаза тапты.

Ұйым 2015 жылдан бері елдің шекаралас көршілері Камерун, Чад және Нигерде де шабуылдар жасауда.



Ұқсас жаңалықтар