Хоуситтер Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне қарсы 2 зымыран ұшырды

АҚШ Орталық Күштер қолбасшылығы мәлімдеме жасады.

2083730
Хоуситтер Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне қарсы 2 зымыран ұшырды

АҚШ Орталық Күштер қолбасшылығы (CENTCOM) Йеменде Иран қолдау берген хоуситтердің Қызыл теңізге кемеге қарсы 2 зымыран ұшырғанын хабарлады.

CENTCOM-ның «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Йеменде хоуситтердің бақылауындағы аймақтан Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне қарсы 2 зымыран ұшырғаны хабарланды. Аймақтағы коммерциялық кемелердің зымырандардың ықпалы туралы хабарлағаны және ешбір зақым келмегені білдірілді.

Мәлімдеме «Бұл заңсыз әрекеттер ондаған жазықсыз теңізшінің өміріне қауіп төндіреді және халықаралық сауданың еркін ағынын бұзады. Бұл 19 қараша күнінен бері Қызыл теңіздің оңтүстігінде сауда кемелеріне жасалған 24-ші шабуыл» делінді.



Ұқсас жаңалықтар