Израильдегі сауалнама Нетаньяхуға қолдаудың азайғанын көрсетті

Израиль Демократиялық институты жүргізген сауалнамаға қатысушылардың 15 пайызы ғана Нетаньяхуды қалайды.

2083468
Израильдегі сауалнама Нетаньяхуға қолдаудың азайғанын көрсетті

Израильде Газа секторына жасалған шабуылдардан кейін премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың орнында қалуын қалайтындардың 15 пайызы екені анықталды.

Израиль Демократиялық институты тарапынан жүргізілген сауалнамада кездейсоқ таңдалған 756 израильдікке Газа секторындағы шабуылдар аяқталғаннан кейін кімді премьер-министр ретінде көргісі келетіндері туралы сұрақ қойылды.

Қатысушылардың 15 пайызы ғана Нетаньяхудың соғыстан кейін өз міндетін жалғастыруын қолдаса, 23 пайызы Соғыс кабинетінің мүшесі Бенни Ганцты премьер-министр ретінде көргісі келетінін айтты.

Израильдің «Канал 13» телеарнасы 29 желтоқсан күні 700 адам қатысқан сауалнамада сайлау өткізілген жағдайда Нетаньяхудың Ликуд партиясының парламентте 16 орынға ие болуы мүмкін екенін көрсетті.

Ликуд партиясы 120 орынды Израиль парламентінде 32 орынға ие.



Ұқсас жаңалықтар