Австралияда сел жүрді

Төтенше жағдайларды басқару министрі Мюррей Ватт елдегі нөсерлі жаңбыр мен су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады.

2083471
Австралияда сел жүрді

Австралияның оңтүстік-батысындағы нөсерлі жаңбыр мен су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін сарбаздар жіберілетіні хабарланды.

«ABC News» арнасының хабарлауынша, Төтенше жағдайларды басқару министрі Мюррей Ватт елдегі нөсерлі жаңбыр мен су тасқынына қатысты мәлімдеме жасады.

Үкіметтің аймақтағы көмек күштерін қолдау үшін шамамен 50 армия қызметкерінің тағайындалуын мақұлдағанын айтқан Ватт сарбаздардың негізгі инфрақұрылымдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін зақымдалған ғимараттар мен аумақтарды тазалауға қатысатынын айтты.

Кешеден бері елде 45 адамның құтқарылғаны жазылса, азаматтарды «үйден шықпауға» шақырды.



Ұқсас жаңалықтар