АҚШ пен Италия бірге жұмыс істейді

Энтони Блинкен мен Италия Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Антонио Таяни телефон арқылы сөйлесті.

2083531
АҚШ пен Италия бірге жұмыс істейді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Италия Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі  Антонио Таяни телефон арқылы сөйлесті.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Блинкен мен Таяни Газадағы гуманитарлық дағдарыс және Хамас пен Израиль арасындағы қақтығысты тоқтатудың өзектілігіне тоқталды.

Министрлер сондай-ақ 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысында Украинаны қатты қолдайтындарын тағы да қайталады.

Бірге жұмыс істеуге уәделескен екі министр  Йемендегі Иран қолдайтын хоуситтердің «Қызыл теңіздегі коммерциялық кемелерге шабуыдардың жаһандық мүдделерге төнетін қауіптерді» де талқылады.

Блинкен мен Таяни сонымен қатар Гаитидегі қауіпсіздікті тоқтатуы жөніндегі көп ұлтты миссияның «Гаитидегі қауіпсіздік жағдайын тұрақтандыру және демократияға қайта оралу үшін жағдай жасау» маңыздылығын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар