Сирияда АҚШ әскери базасына шабуыл жасалды

Сирияның Шеддади базасына пилотсыз әуе көлігімен шабуыл жасалды.

2082932
Сирияда АҚШ әскери базасына шабуыл жасалды

Сирияның солтүстік шығысындағы Хасеке қаласындағы Америка Құрама Штаттары (АҚШ) күштері орналасқан Шеддади базасына кімге тиесілі екені белгісіз бір пилотсыз әуе көлігімен шабуыл жасалды.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда Хасакенің оңтүстігіндегі АҚШ сарбаздары орналасқан Шеддади базасына жарылғыш заттармен қамтамасыз етілген пилотсыз әуе көлігімен шабуыл жасалды.

Шабуыл кезінде адам шығыны бар-жоғы белгісіз. АҚШ бұл оқиғаға қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Сирияда соңғы кездері Тенеф аймағы, Ирак шекарасына жақын Маликийе ауданы, Хасеке қаласына қарасты Шеддади ауданы және Дейр-эз-Зор қаласында орналасқан АҚШ армиясы орналасқан базаларға пилотсыз әуе көліктері және құрлықаралық қарулармен шабуылдар ұйымдастыруда.



Ұқсас жаңалықтар