Израильде екі министрдің лауазымы өзара ауыстырылды

"Haaretz" газеті үкіметтің шешімін жариялады.

2083166
Израильде екі министрдің лауазымы өзара ауыстырылды

Израиль баспасөзі үкіметтің Сыртқы істер министрі Эли Коэн және Энергетика министрі Йизраэль Катц арасындағы міндеттерді алмасу туралы келісімді бекіткенін жазды.

"Haaretz" газетінің хабарлауынша, Израиль үкіметі Сыртқы істер министрі Коэн және Энергетика министрі Катц арасындағы министрліктерді алмасу туралы келісімді қабылдады.

Хабарда «Премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың Газа секторындағы шабуылдары жалғасып жатқан осы сезімтал кезеңге қарамастан келісімге бағынуды және Коэннің Сыртқы істер министрлігіндегі қызметін аяқтауды таңдағаны» атап көрсетілді

Ликуд партиясындағы екі министрлік арасында міндеттерді алмасу Израиль Парламентінің Бас Ассамблеясы тарапынан да бекітілу керек.

Үкімет бұл мәселеге қатысты әзірге мәлімдеме жасаған жоқ.

Израильдің Газа секторындағы «әскери сәтсіздіктеріне» байланысты оппозиция мен Израиль қоғамы соңғы кездері үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде.

Үкіметтің 2022 жылдың желтоқсанында жасақталғанына қарамастан, бір партиядан шыққан осы екі министр арасындағы бір жылдан кейін лауазымдарды ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Израиль Үкіметінің шешіміне қарағанда алғаш жылы Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Коэн 2-ші және 3-ші жылдары бұл міндетті Катцқа тапсыруы жоспарланған болатын. Алғаш жылы Коэн шешім бойынша қазіргі үкімет билікте болған жағдайда, 2026 жылы Сыртқы істер министрлігіне қайта оралады.



Ұқсас жаңалықтар