Израиль қырғынының тоқтайтын түрі жоқ

Израиль Газаға құрлықтан, әуеден және теңізден шабуылдарын жалғастыруда.

2082484
Израиль қырғынының тоқтайтын түрі жоқ

Израиль әскері Газа секторының орталық бөлігіндегі Әл-Магази босқындар лагеріне шабуыл жасады.

Шабуыл кезінде көптеген адам жарақат алды.

Газа үкіметінің баспасөз қызметі Израильдің 7 қазаннан бері 65 мың үйді толығымен қиратқанын хабарлады.

Қираған құрылыстардың қатарында 117 мешіт және 92 мектеп пен университет бар.

Израиль журналистерді де нысанаға алды.

7 қазаннан бері өлтірілген журналистер саны 106-ға жетті.

Израиль шабуылдарында 312 медицина қызметкері мен 40 азаматтық қорғаныс қызметкері де қаза тапты.

Израиль  Газада спортшыларды да  өлтірді.

Газа секторының спорт жоғарғы кеңесі Израильдің жүздеген спортшыны өлтіргенін және стадиондардың азаптау орталығына айналғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар