Боррель: "Израиль ауыр бейбіт тұрғын шығынына ұшыратуда"

Боррель қақтығыстарды шұғыл түрде «тоқтатуға» шақырды.

2082346
Боррель: "Израиль ауыр бейбіт тұрғын шығынына ұшыратуда"

Еуроодақтың (ЕО) Жоғары өкілі Жозеп Боррель Израильді Газа секторын «ауыр бейбіт тұрғын шығынына» ұшыратумен айыптады.

Боррель өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған хабарламада Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары туралы мәлімдеді.

Израиль армиясының бейбіт тұрғындарды қорғау міндетіне назар аударған Боррель Израильдің осыған қарамастан «ауыр бейбіт тұрғын шығынына» ұшыратқанын білдірді.

Боррель «Магази» атты босқын лагеріне жасалған шабуылдың «ең ауыр шабуыл» екеніне назар аударып, шабуылдың тағы 150 мың адамның қоныс аударуына себеп болғанын атап көрсетті.

Боррель хабарламасында қақтығыстарды шұғыл түрде «тоқтатуға» шақырды.

7 қазан күнінен бері Газа секторына Израиль жасаған шабуылдарда қаза тапқандар саны 21 мың 507-ден, жаралы саны 55 мың 915-тен асты.

Палестина көтеріліс қозғалысы «Хамас»-ның қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні таңертең Израильге «Акса топаны» атымен шабуыл жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар