«Адамзат азап шегуде»

Гутерриш жаңа жылға арналған бейне үндеу жариялады.

2081966
«Адамзат азап шегуде»

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш 2023 жылдың зорлық пен азапқа толы болғанына назар аударып, «Адамзат азап шегуде» деді.

Гутерриш жаңа жылға арналған бейне үндеу жариялады.

Климаттың өзгеруіне байланысты әлемге қауіп төніп тұрғанын және 2023 жылдың тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелгенін еске салған Гутерриш адамдардың да кедейлік пен аштықтан зардап шегіп жатқанын білдірді.

Антониу Гутерриш ешкімді кінәлаудың немесе нысанаға алудың пайдасы жоқ екенін атап, «Адамзат бірге әрекет еткенде ғана мықты. 2024 жыл сенім мен үмітті қалпына келтіру жылы болуы керек» деді.

Айырмашылықтарды еңсеру арқылы шешім табу қажеттігін атап көрсеткен Гутерриш әсіресе климат, экономика және кемсітушілікпен күрес сияқты салаларда әрекет етудің маңыздылығына назар аударды.

"2023 жыл қорқынышты қасірет, зорлық-зомбылық және климаттық жағынан хаос жылы болды. Адамзат азап шегуде" деген Гутерриш БҰҰ-ның бейбітшілік, тұрақты даму және адам құқықтары үшін күресуін жалғастыратынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар