«Келесі індетке дайын емеспіз» деді

Гутерриш «Індетке дайындықтың халықаралық күніне» орай жазбаша хабарлама жариялады.

2081668
«Келесі індетке дайын емеспіз» деді

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ковид-19 індетінен қажетті сабақ алу керектігін білдіріп, «Келесі індетке дайын емеспіз» деді.

Гутерриш «Індетке дайындықтың халықаралық күніне» орай жазбаша хабарлама жариялады.

Ковид-19 індетіне халықаралық маңызда қарамайтындарын,  бірақ әсерінің әлі жалғасып жатқанын білдірген Бас хатшы індеттің экономикалық ықпалының әлі де бар екенін атап көрсетті. Ол көптеген медициналық жүйенің үлкен қиыншылықтармен күресіп жатқанын және даму жолындағы елдерде миллиондаған адамның вакцинаға қол жеткізе алмай отырғанын білдірді.

«Келесі індет келгенде қолымыздан келгеннің жақсысын істеуіміз керек.  Алайда келесі індетке дайын емеспіз» деді ол. Ол әлем елдерінің вирустарды бақылау, медицина жүйелерін нығайту және жаһандық медициналық кепілдіктерді орнату үшін ынтымақтаса жұмыс істеуі керектігін айтты.  Бай елдердің ресурстары мен емдік әдістерді бақылауға алуды тоқтатуы керектігін атап көрсетті.

БҰҰ-нда 2020 жылдың 27 желтоқсан күні ковид індетінен сабақ алу және болашақта болатын індеттерге қарсы дайын болу үшін бір шешім қабылданған еді.  Шешімге орай 27 желтоқсан күні Індетке дайындықтың халықаралық күні» деп жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар