Эфиопиядағы шабуылда 8 бейбіт тұрғын қаза тапты

Эфиопияның Оромия аймағында бейбіт тұрғындар қарулы пилотсыз әуе көлігімен нысанаға алынды.

2081412
Эфиопиядағы шабуылда 8 бейбіт тұрғын қаза тапты

Эфиопияда қарулы пилотсыз әуе көлігімен жасалған шабуылда 8 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Орталығы Эфиопиядағы «Addis Standard» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда елдің Оромия аймағында бейбіт тұрғындарға қарсы шабуыл жасалды.

Оромияның Комболча аймағындағы шіркеудің нысанаға алынуы нәтижесінде алғашқы мәліметтер бойынша 8 адам қаза тапты.

Шабуыл кезінде жараланған 3 адам Комболча қалалық ауруханасына жеткізілді.

Шабуылды айыптаған Эфиопиядағы кейбір азаматтық қоғам ұйымдары шабуыл үшін үкіметті айыптаса, Аддис-Абеба үкіметі шабуыл туралы әлі мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар