Газадағы трагедия Израильдегі азаматтық қоғамдардың күн тәртібінде

Израильдегі адам құқықтары ұйымдары Газадағы адамзаттық апатқа назар аударды.

2080854
Газадағы трагедия Израильдегі азаматтық қоғамдардың күн тәртібінде

Израильдің адам құқықтарын қорғау ұйымы «B'Tselem» Газа секторындағы адамзаттық апаттың адам сенгісіз деңгейге ушығып кеткеніне назар аударды.

«B'Tselem» әлеуметтік желідегі аккаунтынан Газадағы соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде «Қазіргі уақытта Газа секторындағы адамзаттық апаттың адам сенгісіз ушығып барады. Израиль 80 күн бойы жанармай, азық-түлік, су және дәрі-дәрмек сияқты негізгі қажеттіліктердің кіруіне кедергі жасауда» делінді.

Израиль шабуылдары және қоршауымен Газа секторындағы «адамзаттық апаттың қатты күшейгені», Израильдің «Палестина халқын әдейі аш және сусыз  қалдырғаны» атап көрсетілген мәлімдемеде «Рождество» мерекесі тойланып жатқанда Газа секторындағы палестиналықтардың «қорқынышты бір жаппай жазалауға» ұшырағаны атап көрсетілді.

Газа секторына барған жәрдемдер туралы шектеулердің барлығының дереу алынып тасталуы және халықаралық қоғамның екі жақты атысты тоқтату келісімін жедел түрде орындауы сұралды.



Ұқсас жаңалықтар