40 Израиль әскері қаза тапты

Израиль 7 қазандағы шабуылдарда 1200 израильдік қаза тауып, 5132 адам жараланғанын хабарлады.

2080971
40 Израиль әскері қаза тапты
hamas kassam.jpg
kassam hamas.jpg

Хамас қозғалысының әскери қанаты әл-Кассам бригадалары Газа секторының солтүстігінде Израиль әскерлеріне жасалған шабуылда 40 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Кассам бригадалары Газа секторындағы Израиль армиясына қарсы қарсылық әрекеттеріне байланысты «Telegram» аккаунтында мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Джибалия ел-Белед аймағындағы бір үйде 40 Израиль әскеріне шабуыл жасалғаны, ғимараттың зымыранмен нысанаға алынғаны және барлық Израиль әскерінің зарарсыздандырылғаны атап көрсетілді.

Енді бір жағынан соңғы 24 сағатта Газадан 18 жаралы әскердің Израильдегі ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Израильдің 7 арнасы Беершебадағы Сорока ауруханасының мәлімдемесін таратты.

Аурухана мәлімдемесінде «Газада соңғы 24 сағатта болған қақтығыстарда жараланған 18 әскерді қабылдадық, олардың біреуі ауыр халде» делінді.

Израиль 7 қазандағы шабуылдарда 1200 израильдік қаза тауып, 5132 адам жараланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар