Палестинаға қолдау шерулері барша әлемде жалғасуда

Израильдің Газадағы қырғындарына Солтүстік Кипр Түрік Республикасы да наразылық білдірді.

2080381
Палестинаға қолдау шерулері барша әлемде жалғасуда

Әлем бойынша мыңдаған адам  Израильдің Газадағы қырғынына наразылық білдіру үшін тағы да көшеге шықты.

Канаданың Торонто қаласындағы сауда орталығының алдына жиналған шерушілер Газада өлтірілген мыңдаған адамның дауысын әлемге жеткізу үшін жиналды.

Палестина жалауларын ұстаған білдірушілер «Сіздер сауда жасап жатқанда Газаға бомбалар түсіп жатыр» деген ұрандар салды.

Израильдің Газадағы қырғындарына Солтүстік Кипр Түрік Республикасы да наразылық білдірді.

Гүзелюртте Палестинаға қолдау шеруі ұйымдастырылып, Израиль шабуылдарына наразылық білдірді.

Ұлыбританиядағы  денсаулық сақтау қызметкерлері Израиль шабуылдарында қаза тапқан газалықтарды еске алу шарасы ұйымдастырды.

Іс-шарада Израиль мен Хамас арасында тұрақты атысты тоқтату талап етілді.

Голланландының астанасы Амстердамдағы шерушілер  Палестинаға қолдау көрсетті.

Тунисте әйелдер Израиль шабуылдарында өлтірілген балаларға назар аудару үшін көшеге шықты.

Шерушілер қолдарына өлтірілген балалардың фотосуреттерімен Израильдің қатыгездігін тағы бір рет паш етті.

Мароккода да мыңдаған адам Газаны қолдап шеруге шықты.

Израильдің 7 қазаннан бері Газаға жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 20 мың 424-ке өсті.



Ұқсас жаңалықтар