Пәкістан Түркияға көңіл айтты

Пәкістан шейіт болған 12 әскердің отбасына көңіл айтты.

2080291
Пәкістан Түркияға көңіл айтты

Пәкістан Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит» операциялық аймағында әскери базаға басып кіруге әрекет жасаған террористтермен шыққан қақтығыста шейіт болған 12 әскердің отбасына көңіл айтты.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Пәкістанның 22-23 желтоқсан күндері аралығында жүргізілген террормен күрес операциясында 12 түрік әскерінің шейіт болғанына қатты қайғырғаны баса айтылды.

12 шейіттің отбасына көңіл айтылып, жаралылардың тезірек сауығып кетуіне тілек білдірілген мәлімдемеде «Пәкістан осы қиын кезде Түркиямен ынтымақта. Пәкістан бұл лаңкестікті қатаң айыптайды. Бауырлас түрік елінің бұл қасіретті ерлік және табандылықпен еңсеретініне толық сенімдіміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар