Ирактың солтүстігінде шейіт болған әскер саны 12-ге жетті

Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2080062
Ирактың солтүстігінде шейіт болған әскер саны 12-ге жетті

Ирактың солтүстігінде шәйіт болған сарбаздар саны 12-ге жетті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-килит операциялық аймағында бір база аймағына сіңуге тырысқан террористтермен қақтығыста 6 әскердің шәйіт болғанын және 1 әскердің жараланғанын хабарлады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде «Пенче-килит операциялық аймағында 2023 жылы 23 желтоқсан күні әскери бір база аймағымызға енуге тырысқан лаңкестермен шыққан қақтығыста 6 әскер шейіт болды, бір қаһарман жолдасымыз жарақат алды. Алғашқы мәліметтер бойынша қақтығыста 13 лаңкес залалсыздандырылды. Белгіленген аймақта әуе операциялары жалғасуда» деді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен алдында жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымына жасаған шабуылда 6 әскердің шәйіт болғаны хабарланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар