Шетелдіктер бұдан кейін Ресейдің төлқұжатын оңай алады

Путин Беларусь, Молдова және Қазақстан азаматтарына Ресейдің төлқұжаттарын алуды жеңілдету туралы жарлыққа қол қойды.

2078396
Шетелдіктер бұдан кейін Ресейдің төлқұжатын оңай алады

Ресей Президенті Владимир Путин Беларусь, Молдова және Қазақстан азаматтарына Ресейдің төлқұжаттарын алуды жеңілдету туралы жарлыққа қол қойды. Бұл елдердің азаматтары тұруға рұқсат алғаннан кейін бес жыл бойы Ресейде тұру, Ресей тарихы және мемлекеттің негіздері сияқты курстардан емтихан тапсыруға міндетті емес. Сонымен қатар, Беларусь азаматтары үшін орыс тілін білуді растау міндеті жойылды. Бірақ бұл міндет Қазақстан мен Молдова азаматтары үшін әлі де күшіне ие.

Бұған дейін Путин Ресей заңдарын орындап, қоныстанғысы келетін шетелдіктерге азаматтық алуды жеңілдетілетінін айтқан болатын.

Украинада соғыс басталғаннан кейін Ресей үкіметі азаматтық туралы заңға бірнеше рет өзгерістер енгізді. Көктемде Путин Ресей Федерациясында әскери қызмет өткеру туралы келісім-шартқа отырғандарға төлқұжат алу оңайырақ болатынын мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар