Трамп босқындарды елден шығару уәдесін тағы тілге тиек етті

Трамп Невада штатындағы сайлау науқанында босқындар туралы мәлімдеме жасады.

2077885
Трамп босқындарды елден шығару уәдесін тағы тілге тиек етті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бұрынғы президенті Дональд Трамп президент болып қайта сайланған жағдайда, босқындарды елден шығару уәдесін тағы тілге тиек етті.

«CNN» телеарнасы  Трамптың Невада штатындағы сайлау науқанында босқындар туралы мәлімдеме жасағанын жариялады.

Босқындардың «АҚШ-қа басып кіргенін» атап көрсеткен Трамп президент болып сайланған жағдайда босқындардың «ел тарихындағы ең үлкен депортацияға» ұшырайтыны туралы уәдесін қайталады.

Босқындарға қатысты саясаттардың кеңейетінін атап көрсеткен Трамп «Федералдық құқық қорғау күштерінің үлкен бөлігін босқындармен байланысты бөлімшелерге жіберуге қоса, шетелдегі күштердің бір бөлігі оңтүстік шекараға тартылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар