Израильге наразылық шерулері жалғасуда

Әлемде Израильдің Газадағы қырғынына наразылықтары жалғасуда.

2076648
Израильге наразылық шерулері жалғасуда
berlin ogrenciler filistin destek.jpg
ingiltere filistin destek.jpg

АҚШ, Англия, Германия және Францияда Палестинаны қолдаған шерулер өтті. Шерулерде Израильдің шабуылдары айыпталды.

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында жүздеген шерушілер Газаны қолдау үшін қала орталығындағы  жолды жауып тастады.

Шерушілер жолда отырып наразылық көрсетті.

Жолды ашу үшін шерушілерге полиция килікті. 75 шеруші  ұсталды.

Англияның бас қаласы Лондонда премьер-министрлік кеңсесінің жанына жиналған шерушілер Газада қаза тапқан балаларды еске алды.

Испанияда да шерушілер Газадағы балалар өліміне наразылық білдіру үшін Мадрид муниципалитетінің алдына жүздеген аяқ киім қалдырды.

Германияның астанасы Берлинде студенттер Газадағы қырғынға және соғыс қарсыластарының қысымына наразылық білдірді.

Францияда Париж сот ғимаратының алдына жиналған адвокаттар Израильдің шабуылдарын айыптап, Палестинаны қолдайтын ұрандар салды.



Ұқсас жаңалықтар