Владимир Зеленский АҚШ-та

Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің әуе қорғаныс жүйесін күшейткісі келетінін мәлімдеді.

2076027
Владимир Зеленский АҚШ-та

Украина президенті Владимир Зеленский  Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) жүр.

Ресейдің Украинаға қарсы шабуылдары басталған 2022 жылдың ақпанынан бері АҚШ астанасы Вашингтонға үшінші рет барған Владимир Зеленский Ақ Үйде Президент Джо Байденмен кездесті.

Байден кездесу алдындағы мәлімдеме жасады. Байден мәлімдемесінде Конгресстен Украина үшін сұраған, бірақ республикашылдар әлі мақұлдамаған 61 миллиард долларлық көмек пакетіне сілтеме жасап, оны мақұлдамауы Ресей Президенті Владимир Путин үшін «Рождестволық сыйлық» болатынын айтты.

Республикашылдар иммиграциялық саясатты өзгерту және оңтүстік шекарадағы қауіпсіздікті күшейту талабына байланысты көмек пакетін бекітуді кешіктіруде.

Зеленский АҚШ және оның одақтастарына елін қолдағаны үшін алғыс айтып, Ресейге қарсы соғыста жеңе алатынын айтты.

Зеленский өз елінің әуе қорғаныс жүйесін күшейткісі келетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар