Боррель Еуроодақтың екі мемлекетті шешімге табанды екенін баса айтты

Жозеп Боррель Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың екі мемлекетті шешімге қарсылығын сынға тартты.

2075981
Боррель Еуроодақтың екі мемлекетті шешімге табанды екенін баса айтты

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың екі мемлекетті шешімге қарсылығын сынға тартты.

Джозеп Боррель Еуропалық Парламент Бас ассамблеясындағы Израиль-Палестина сессиясында сөз сөйледі.

Боррель Еуроодақтың екі мемлекетті шешімге табанды екенін баса айтты.

Боррель «Мәселенің теңдестірілген шешімін табуымыз керек. Қазір көп адамның өліміне жол бермеу және бұл қақтығыстың саяси шешімін табу керек. Өкінішке орай, Израиль премьер-министрі мұндай саясатқа қарсы екенін айтты» деді.

Еуроодақтың жоғарғы өкілі Израиль үкіметінің екі мемлекетті шешімге қарсылығын мына сөздермен сынады: «Израиль премьер-министрі бұған қарсы екенін қайта-қайта айтуда. Бұл шешім қазір болып жатқанды тоқтатудың бірден-бір кепілі. Халықаралық қауымдастық қалайтын саяси шешімге қалай қарсы тұруға болады?  Екі мемлекет құру шешімін қолдау маңызды  емес пе?».

Боррель Израильдің өзін қорғауға құқығы бар, бірақ барлық құқықтар сияқты оның да шегі бар екенін айтты.

Боррель «Біз өзімізден Израиль халықаралық құқықты құрметтей ме деп сұрауымыз керек. Бұл бәріміз жауап беруіміз керек сұрақ. Мен бұл сұраққа (ЕО ішінде) дауысқа салмаудан жауап бермеймін. Мен жеке өз басым бұл құқықтың да өз шегі бар деп есептеймін. Менің ойымша, бұл моральдық тұрғыда ақталған жоқ. Бұл көптеген жазықсыз адамдардың өлтірілуін ақтау мүмкін емес» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар