Лапид: «Әлемнің сенімін жоғалтқан премьер-министріміз бар»

Израильде оппозиция партиясының басшысы премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды сынға алды.

2075663
Лапид: «Әлемнің сенімін жоғалтқан премьер-министріміз бар»

Израильде оппозиция партиясының басшысы Яир Лапид премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың «халықтың көпшілігі мен халықаралық қоғамның сенімінен айырылған басшы» екенін айтты.

Израиль Парламенті телеарнасы «Knesset Channel» Яир Лапидтің жалпы кеңес отырысында премьер-министр Нетаньяху туралы көзқарасын жариялады.

Лапид «Әлемнің сенімін жоғалтқан премьер-министріміз бар» деп, Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың халықтың көпшілігі мен қауіпсіздік және экономикалық жүйенің сенімін жоғалтқанын баса айтты.

Лапид өткен айда Нетаньяхудың премьер-министр қызметінен босатылып, оның орнына Ликуд партиясынан басқа біреуді тағайындауға шақырған болатын.

Соңғы сауалнамаға қарағанда израильдіктердің 27 пайызы ғана Нетаньяхуды премьер-министр лауазымына лайықты деп санайды.



Ұқсас жаңалықтар