ЕО-тан Иранға санкция шешімі

ЕО-тың санкция шешімі аясында активтерді бұғаттау, саяхатқа тыйым салу және қаржы ресурстарын аудару қамтылған.

2075411
ЕО-тан Иранға санкция шешімі

Еуроодақ (ЕО) Украинадағы соғысты қолдау мақсатты Ресейге пилотсыз әуе көлігі берді деген себеппен Иранға санкция шешімі қабылдады.

Еуроодақ кеңесі жасаған жазбаша мәлімдемеде Иранның Украинадағы соғыста пайдалану үшін Ресейге берген пилотсыз әуе көліктерін шығарумен айналысқан 6 адам мен 5 ұйымға санкция шешімі қабылданғаны жарияланды.

ЕО санкция шешімі аясында активтерді бұғаттау, саяхатқа тыйым салу және қаржы ресурстарын аудару қамтылған.

Бұл санкцияларды енгізу үшін ЕО бір жылдан астам уақыт бойы Иранның Ресейге ұшқышсыз ұшақтарды жеткізіп жатқаны туралы жеткілікті дәлелдерді жинап жатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар