Еврей қоныстанушылар палестиналық диқандарға шабуыл жасады

Еврей қоныстанушылар оқ жаудырып, палестиналық диқандарды  зәйтүн тоғайынан қуып жіберді.

2075115
Еврей қоныстанушылар палестиналық диқандарға шабуыл жасады

Жаулас астындағы Батыс Шерияның  Наблус қаласындағы палестиналық диқандарға қарулы еврей қоныстанушылар шабуыл жасады.

Палестинаның «WAFA» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қарулы еврей қоныстанушылар тобы Наблустағы Акраб қаласында зәйтүн жинап жатқан палестиналық диқандарға шабуыл жасады.

Еврей қоныстанушылар оқ жаудырып, палестиналық диқандарды  зәйтүн тоғайынан қуып жіберді.

Хабарда зәйтүн жинау маусымы басталған қазан айынан бері еврей қоныстанушыларының Батыс Шерияда палестиналық диқандарға қарсы 333 шабуыл жасағаны хабарланды.

Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимнің айналасында шамамен 700 мың еврей қоныстанушы тұрады. Халықаралық құқыққа сәйкес,  Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі еврей елді мекендері заңсыз деп саналады.



Ұқсас жаңалықтар