Дублин мен Рамалла қалалары бауырлас қала болды
Дублин мен Рамалла қалалары «бауырлас қалалар» деп жарияланды.
Ирландияның астанасы Дублин мен Палестинаның Рамалла қалалары «достық келісімі» аясында бауырлас қала болды.
«Irish Times» газетінің хабарына қарағанда Дублин мэрі Даити де Роисте мен Рамалла мэрі Исса Кассис қол қойған «достық келісімімен» Дублин мен Рамалла қалалары «бауырлас қалалар» деп жарияланды.
Батыс Шерияның орталығындағы Рамалла қаласы Дублиннің Сан-Хосе, Ливерпуль, Барселона және Бейжіңнен кейінгі 5-ші бауырлас қаласы болды.
Дублин муниципалитеті Ирландияның Сыртқы істер министрлігінің де достық келісімін орнатуды қолдайтынын мәлімдеді.
Дублин қалалық кеңесі 5 желтоқсанда Газа халқымен ынтымақтасстық мақсатымен Палестина туын желбірету туралы ұсынысты бірауыздан қабылдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.