«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Газадағы дағдарысқа шешім табу жайлы үн қатты

«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Газадағы ушығып бара жатқан гуманитарлық дағдарыстың шешімін табу үшін шұғыл әрекет ету керектігін мәлімдеді.

2073621
«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Газадағы дағдарысқа шешім табу жайлы үн қатты

«Үлкен жетілік» елдері (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия және Жапония) көшбасшылары Газадағы ушығып бара жатқан гуманитарлық дағдарыстың шешімін табу үшін шұғыл әрекет ету керектігін мәлімдеді.

Кезекті төраға Жапонияның үй иелігінде онлайн арқылы ұйымдастырылған «Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары саммитінде Газа секторы мен Ресей-Украина дағдарысы сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Саммит соңында жарияланған ортақ мәлімдемеде Таяу Шығыстағы дағдарысқа қатысты «Газада ушығып бара жатқан гуманитарлық дағдарысқа бір шешім табу және бейбіт тұрғындардың қазасын барынша азайту үшін бұдан да шұғыл әрекет ету қажет» делінген.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Акса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасағанын хабарлаған еді.

Бұған тойтарыс ретінде Израиль армиясы соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған.

Қақтығыстарда 16 мың 200-ден астам палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар