«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары бас қосуда

«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Жапонияның үй иелігінде бас қосуда.

2072995
«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары бас қосуда

«Үлкен жетілік» елдері (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия және Жапония) көшбасшылары кезекті төраға Жапонияның үй иелігінде бас қосуда.

Жапония Министрлер кабинетінің бас хатшысы Мацуно Хироказу баспасөз мәслихатында Жапония премьер-министрі Кисида Фумионың  бүгін «Үлкен жетілік» елдері көшбасшыларының онлайн саммитін өткізетінін айтты.

Мацуно «Үлкен жетілік» елдері көшбасшыларының «Түрлі мәселелерді, соның ішінде Ресейдің 2022 жылдың ақпан айынан бері Украинаға жасаған шабуылдарын, 2 айдан бері жалғасып келе жатқан Израиль-Хамас қақтығыстарын және тағы басқа тақырыптарды» талқылайтынын айтты.

Мацуно онлайн саммитке Украина Президенті Владимир Зеленскийдің қатысуы жоспарланғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар