Блинкен мен Ван сөйлесті

Энтони Блинкен мен Ван И Таяу Шығыс пен екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

2073364
Блинкен мен Ван сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен Таяу Шығыс пен екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Блинкен мен Ван телефон арқылы сөйлесті.

Блинкен Таяу Шығыста қақтығыстың таралуына тосқауыл қою үшін тараптардың бірге жұмыс істеуі керектігіне назар аударып, Қызыл теңізде коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдардың халықаралық теңіз құқығына қауіп төндіретініне тоқталды.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) 4 желтоқсан күні Қызыл теңіздің оңтүстігінде халықаралық суда 3 коммерциялық кемеге 4 шабуыл жасалғанын хабарлаған болатын.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан да Қызыл теңіздегі коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарға Иранның «жауапты» екенін айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар