Бельгияда ереуіл

Теміржол жұмысшылары екі күндік ереуілге шықты.

2073193
Бельгияда ереуіл

Бельгияда теміржол жұмысшылары жалақы және жұмыс шарттарының жақсартылуы талабымен екі күндік ереуілге шықты.

Мемлекеттік теміржол компаниясының интернет парақшасында 48 сағаттық ереуілдің жергілікті уақытпен сағат 22-де басталып, 7 желтоқсан күні аяқталатыны хабарланды.

Жұмысшы кәсіподақтары мақсаттарының компанияның жалақыларды азайтып, кондукторлардың дайындалу мерзімін жарты сағатқа төмендету секілді істеріне қарсы шығу екенін білдірді.

Ереуіл салдарынан қазір ел көлемінде қатынас кешігіп жатыр.

Теміржол жұмысшылары 7-9 қараша күндері де ереуіл жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар