Жозеп Боррель Газадағы шабуылдарға тоқталды

Жозеп Боррель Израильдің Газадағы шабуылдарын «қырғын» деп сипаттады

2072530
Жозеп Боррель Газадағы шабуылдарға тоқталды

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Израильдің Газадағы шабуылдарын «қырғын» деп сипаттап, қаза тапқан бейбіт тұрғындар санының жарияланғаннан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтты.

Бельгияның астанасы Брюссельде ұйымдастырылған 25-ші Адам құқықтары форумында сөз сөйлеген Хосеп Боррель Газадағы жағдайға тоқталып: «Израильдің өзін қорғауға құқығы болса да, бейбіт тұрғындардың мұнша көп құрбандарын ешкім қабылдай алмайды» деді.

Боррелл «Хамастың 7 қазандағы шабуылы қырғын екенін, алайда  Израильдің Газадағы әрекеттері де қырғын болды» деп атап «Бір қатыгездік екіншісін ақтамайды» деп көрсетті.

«Қанша құрбан бар? Ешкім білмейді. 15 мыңы бар дейді, бірақ қиранды астында одан да көп болуы мүмкін» деген Боррель халықаралық қауымдастықтың аймақта болып жатқан оқиғаларға қарсы дауысының күшейіп келе жатқанын және бұл қатыгездіктің тоқтатылуын қалайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар