Палестиналықтар Дағыстанға орналасады

Босқындар арасында дәрігер,  мұғалім, аудармашы және филологтар бар.

2072746
Палестиналықтар Дағыстанға орналасады

Ресей палестиналық босқындарды Дағыстанға орналастырады.

25 қараша күнінен бастап Дағыстан Республикасына Газадан эвакуацияланған 150-ден астам босқын келді.  Дағыстанда құрылған жұмыс тобы осы кісілерді уақытша бір базаға орналастырды.  Келгендердің  70-і – балалар.  Босқындар арасында дәрігер,  мұғалім, аудармашы және филологтар бар.

Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликов «Келген азаматтар жаңа өмір құрғысы келеді.  Біз де оларға көмек беруіміз керек» деді.

Бұдан бұрын Дағыстан Білім және ғылым министрі Яхия Бучаев аймаққа келген палестиналық балалардың Гамиах ауылындағы мектеп пен балабақшаларға орналастырылатынын айтқан болатын.

Дағыстан қараша айында Газаға 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жолдаған еді.



Ұқсас жаңалықтар