Екі елдегі елшілігін жапты

Бұл туралы Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің қызметкері хабарлады.

2072836
Екі елдегі елшілігін жапты

Солтүстік Корея тағы екі елдегі елшілігін жапты.

Солтүстік Кореяның  Сенегал мен Гвинеядағы елшіліктері жабылды.

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің атын атамаған қызметкері Солтүстік Кореяның соңғы айларда кейбір елдердегі елшіліктерін жабуына қатысты мәлімдеме жасады. Қызметкер  1972 жылы Сенегалмен және 1969 жылы Гвинеямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Солтүстік Кореяның бұл елдердегі дипломатиялық өкілдіктерін жауып, өкілдік санын 53-тен 46-ға азайғанын атап көрсетті.

Ол бұл қадамдағы ең үлкен фактордың «елге қарсы жаһандық санкциялардан туындаған экономикалық қиындықтар» екеніне назар аударды.

Солтүстік Корея соңғы айларда Ангола, Уганда, Бангладеш, Непал және Испаниядағы елшіліктерін жапқан еді.

Пхеньян әкімшілігі өткен айда «өзгерген жаһандық орта мен ұлттық сыртқы саясатқа сәйкес» жаңа дипломатиялық өкілдіктер ашып, жабатынын хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар