Генетикалық деректер "ұрланды"

Компания қызметкері қазан айында «ұрланғаны» айтылған деректер туралы мәлімет берді.

2072843
Генетикалық деректер "ұрланды"

Америкалық генетикалық зерттеу компаниясы "23andMe" шамамен 6,9 миллион қолданушысының мәліметтерінің ұрланғанын жариялады.

«The Hill» газетінің хабарына қарағанда,  компания қызметкері қазан айында «ұрланғаны» айтылған деректер туралы мәлімет берді. Ол компанияның «тумаларын табу» қызметін атқаратын дата банкіндегі шамамен 5,5 миллион қолданушының жеке деректерінің «ұрланғанын» білдірді.

Интернет қарақшыларының 1,4 миллион адамның жеке деректері бар «шежіре» мәліметтерін де алғанын білдірген қызметкер шамамен 14 мың есепке қатысы бар кісілердің де деректерін қосқанда одан да көп адамның мәліметінің «ұрланғанын» айтты.



Ұқсас жаңалықтар