Энергияда белгілі елдерге тәуелді болмау керектігін айтты

Столтенберг Дубай қаласында араптар конференциясы (COP28) аясында өткен панельде сөз сөйледі.

2071551
Энергияда белгілі елдерге тәуелді болмау керектігін айтты

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг бұрын табиғи газ бойынша Ресейге тәуелді болғандай, бұл жолы энергетикалық өзгеріс үшін сирек кездесетін элеметтер бойынша бірнеше елге тәуелді болмау керектігін айтты.

Столтенберг Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының 28-ші Тараптар конференциясы (COP28) аясында өткен панельде сөз сөйледі.

НАТО-ның климат өзгерісімен күреске үлес қосу үшін жұмыс істеп жатқанын айтқан Столтенберг қазба отындардан жаңартылатын энергияға көшуді қолдайтындарын білдірді. Столтенберг екі жыл бұрын НАТО елдерінің көптеген басшылары Ресейден газ сатып алуды саяси емес, коммерциялық шешім деп есептейтінін, бірақ қазір бұл іс жүзінде саяси шешім екені түсінікті екенін атап өтті.

НАТО Бас хатшысы “Енді әрине, барлық көшбасшылар бұл ресейлік газға тәуелділіктің саяси шешім екенін түсінеді. Бұл біздің қауіпсіздігімізге қатысты болды, өйткені Ресей Украинаны толығымен басып алғаннан кейін табиғи газды мәжбүрлеу құралы ретінде пайдаланды. Жаңа жаңартылатын энергия көздерін әзірлеу кезінде біз де осындай қателіктерді жібермеуіміз керек. Ал шикізаттың көп бөлігін, мысалы күн панельдері немесе батареялар үшін өте маңызды сирек жер элементтерін бақылайтын бірнеше елдердің бар екендігі мәселе. Сондықтан маңызды элементтер мен шикізаттың бір немесе екі жеткізушісіне тәуелді болмай,  қателіктерді қайталамауымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар