Сомалиде су тасқыны салдарынан 101 адам қаза тапты

Сомалиде шамамен екі апта бойы жалғасқан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 101-ге жетті.

2070802
Сомалиде су тасқыны салдарынан 101 адам қаза тапты

Сомали Президенті Хасан Шейх Махмуд мемлекеттік теледидардан жасаған мәлімдемесінде нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар санының артқаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Махмуд толассыз  жауын мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар санының 101-ге жеткенін білдірді.

Су тасқынынан 2,5 миллион адамның зардап шеккенін айтқан Махмуд 1,1 миллион адамның көшуге мәжбүр болғанын атап көрсетті.

Махмуд су тасқыны салдарынан 4 мың ауылшаруашылық малының қырылып, 140 мың үйдің қирағанын мәлімдеді.

Соңғы жылдардағы ең қатты құрғақшылықты бастан өткерген Сомали мен Кения климаттың өзгеруінен ең көп зардап шеккен елдердің қатарында.

Су тасқыны салдарынан Сомалидің кейбір аймақтарында төтенше жағдай жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар