Ресей азаматтарын эвакуациялады

Рафах шекара қақпасынан Мысырға қарай тағы 82 кісінің өткені хабарланды.

2068076
Ресей азаматтарын эвакуациялады

Ресей Сыртқы істер министрлігі көмек үшін өтініш берген 900 азаматының 653-інің Газадан эвакуацияланғанын білдірді.

Бұл туралы мәлімет Сыртқы істер министрлігінің интернет парақшасында жарияланды.  Мәлімдемеде «22 қараша күні орыс азаматтары мен олардың отбасындағы палестиналықтардан тұратын 28 кісілік топ Мәскеуге келіп жетті» деп айтылды. 

Сонымен бірге Рафах шекара қақпасынан Мысырға қарай тағы 82 кісінің өткені хабарланды.

Мәлімдемеде «Газадан эвакуацияланған азамат саны 653-ке жетті.  Барлығы 900 кісі эвакуация үшін өтініш берген болатын. Каирден Ресей Төтенше жағдай министрлігінің ұшағымен 553 азамат жеткізілді» деп айтылды.

Ресей эвакуация үшін Мысыр, Израиль, Палестина және Катар биліктерінің көмектескенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар