Перу шамамен 50 жыл ішінде мұздықтарының жартысынан көбін жоғалтты

Перуде 1050 шаршы шақырым мұздық алаңы болса, ғалымдар бұл аумақтың 1962 жылмен салыстырғанда 56 пайызға азайғанын анықтады.

2068005
Перу шамамен 50 жыл ішінде мұздықтарының жартысынан көбін жоғалтты

Перудің Мұздықтар мен тау экожүйелерін зерттеу ұлттық институтының (Inaigem) ғалымдары 2016-2020 жылдар аралығында климаттың өзгеруіне байланысты елдегі 175 мұздықтың жоғалып кеткенін хабарлады.

Перуде 1050 шаршы шақырым мұздық алаңы болса, ғалымдар бұл аумақтың 1962 жылмен салыстырғанда 56 пайызға азайғанын анықтады.

«Inaigem»-дегі  гляциолог Майра Меджиа Перудегі көптеген мұздықтардың еріп кеткенін білдірді.

Мехиа 1962 жылдан бері Чила тауындағы Амазон өзенін қоректендіретін мұздықтардың 99 пайызы жоғалып кеткенін айтты.

«Inaigem» директоры Хесус Гомес температураның көтерілуі мұздықтардың еруінде, әсіресе тропикалық аймақтарда маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Inaigem» төрағасы Беатриз Фуэнтеалва да мұздықтардың еруі осында тұратын адамдарға теріс әсер ететінін айтты.

Фуэнтеалва 1970 жылы мұздықтардың жарылуы нәтижесінде орын алған көшкіннің 20 мың адамның өмірін қиғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар