Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 14 мың 532-ге жетті
Олардың арасында алты мыңнан астамы – балалар.
Бірнеше аптадан бері Израиль армиясы бомбалап жатқан Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 14 мың 532-ге жетті. Олардың арасында алты мыңнан астамы – балалар. Төрт мыңы да әйелдер.
Газадағы Медиа офисі Израильдің шабуылдарында 47 күнде 205 медициналық қызметкер, 25 азаматтық қорғаныс қызметкері мен 64 журналистің қаза тапқанын білдірді.
Жарақат алған адам саны 35 мыңнан асты. Олардың 75 пайызынан көбі – балалар мен әйелдер.
Израиль шабуылдарында 102 мемлекеттік ғимарат құлады. 266 мектеп зардап шекті. 67 мектеп қолданылмайтын жағдайда.
Израиль 85 мешітті толықтай қиратты. 174 мешіт пен үш шіркеуге де зиян тіигізді.
Ұқсас жаңалықтар
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.