Австралиядағы орман өрті ауыздықталмай тұр

Австралияның  батысында жалғасып жатқан орман өртінен ондаған үй өртеніп, көптеген адам эвакуацияланды.

2068111
Австралиядағы орман өрті ауыздықталмай тұр

«ABC News» агентігінің хабарлауынша, штат астанасы Пертте ауа температурасының  шамамен 40 градус болуы мен желдің үдеп есуі  өртті  күшейтіп отыр.

Перттегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатқанда, аймақтың солтүстігінде көптеген үй мен мүліктер өртеніп, көптеген адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Батыс Австралияның өрт және төтенше жағдайлар жөніндегі комиссары Даррен Клемм өрттердің ешқандай адам шығынына әкелмегенін, кейбір адамдардың түтіннен зардап шеккенін және бірнеше адамның жеңіл күйік алғанын мәлімдеді.

Электр бағандарының зақымдануы салдарынан облыстағы кем дегенде 544 үйге жарық берілмей, 130-ға жуық адам уақытша баспанаға көшірілгені хабарланды.

Өртті ауыздықтау үшін бірнеше күн қажет болуы мүмкін екені айтылды.

Қытайда жүрген және сенбі күні оралады деп күтілген Батыс Австралияның премьер-министрі Роджер Куктың сапарын қысқартып, елге оралатыны жарияланды.

Перттің солтүстік-шығысындағы қарағайлы аймақта кеше басталған өрттің себебін анықтау жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар