Лавров келіссөз процесінің уақыт өткізбей дереу қайта басталуына шақыру тастады

Лавров ИЫҰ мен Араб Лигасының Мәскеуде Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесуіне қатысты.

2067483
Лавров келіссөз процесінің уақыт өткізбей дереу қайта басталуына шақыру тастады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Палестина мемлекетінің құрылуы үшін келіссөз процесінің уақыт өткізбей дереу қайта басталуына шақыру тастады.

Лавров Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мен Араб Лигасының Мәскеуде Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесуінде былай деді: «Тағы бір рет мынаны айтқым келеді. Стратегиялық мәселелерді елемей кетуге болмайды. Тез арада шешу үшін шарттардың қалыптастырылуы керек.  Алдымен БҰҰ шеңберінде қабылданған халықаралық негізде бейбітшілік процесінің қайта басталуы үшін дайындық жасалуы қажет» деді.

Лавров тәуелсіз,  территория тұтастығы бар және егемен Палестина мемлекетінің 1967 жылғы шекарасында, бас қаласы шығыс Иерусалим болатындай қылып құрылуын ИЫҰ мен Араб Лигасының барлық мүшелері қолдайтынын еске салды.  Ол айырықша аймақтағы гуманитарлық дағдарыстың шешілуі үшін ортақ дипломатиялық механизм құрылуы керектігін, бұнда да араб елдеріне үлкен жауапкершілік түсетінін айтты. Лавров аймаққа жолданған гуманитарлық көмектің жеткілікті емес екенін атап көрсетті.

21 қараша кұні Сауд Арабиясы, Иордания, Мысыр, Индонезия және Палестина Сыртқы істер министрлері, айырықша ИЫҰ Бас хатшысы Хүсейін Ибрахим Таха орыс лауазым иелерімен кездесу үшін Мәскеуде бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар