Нигерияда 650 мың бала баспанасыз қалды

Нигерияда толассыз жауған су тасқыны салдарынан 4 жылда 650 мың бала баспанасыз қалды.

2066748
Нигерияда 650 мың бала баспанасыз қалды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Кадуна штатының далалық кеңсесінің басшысы Герида Бирукила «Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күніне» орай жасаған мәлімдемесінде Нигерия балалардың климаттық өзгерісіне душар болуы бойынша әлемдегі екінші ең нашар ел екенін айтты.

Бирукила елдегі су тасқыны салдарынан 2016-2021 жылдар аралығында 650 мың баланың үйін тастап кеткенін, 30 жылда су тасқыны салдарынан 3,1 миллионнан астам баланың баспанасыз қалуы мүмкін екенін атап көрсетті.

Бирукила қоршаған ортаның нашарлауы мен климаттың өзгеруі азық-түлікке қол жеткізуге әсер ететінін және жеткіліксіз тамақтануға әкелетінін түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар